Шарды жұтып қойған екі жасар бала көз жұмды

Балалар үйдің үлкені мектептен алып келген шарлармен ойнап жүрген. 11 жастағы қыз шарды үрлеуге тырысқан.

“Сол кезде төрт жасар қыз шарды ваннаға алып кіріп, оған су толтыра бастаған. Мұны анасы көріп қалады. Ол шарды алып, суын төгеді. Осы кезде оның қолынан кішкентай екі жасар ұлы шарды тартып алған”, – дейді прокурордың көмекшісі Владимир Токаревский.


Бала бөлмені айналып жүгіріп кереуетте секіре бастаған. Ал анасы кіріп келген кезде, ол терең тыныспен шарды жұтып қояды. Әйел баласынан өз білгені бойынша көмектесіп, тыныс жолын ашуға тырысқан. Осы кезде үлкен қыз жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер бригадасы да баланы құтқаруға тырысқанымен, мүмкін болмаған.