"Шариғатта алимент жоқ": Хиджабтағы қыз күйеуінің бір жастағы балаға кәлима жаттатып, науқас қылғаны туралы жанайқайын жеткізді

Kyn.kz редакциясына сұхбат берген ол, қоғамнан әділдік сұрайтынын жеткізді.

Оның айтуынша, діндар күйеуі өзі мен бір жастағы баласын кәлима жаттатамын деп, ұрып, науқас қылған.

“Мен, қоғамнан әділдік пен көмек сұрап отырмын. Мен және менің кәмелетке толмаған ұлым қазір өте қиын жағдайдамыз. Оқиғаның мән-жайы мынадай: Бұрынғы күйеуім діни адам бола тұра, заңды түрде АХАЖ-да тіркелуден бас тартып, тек “неке” қиды. Осы некеден бізде ұл дүниеге келді. Баламыз 1 жасқа толғанда күйеуім баланы күнделікті “Кәлима шаһадатын” жаттауға мәжбүрлеп, үйретпедім деп мені және баланы аяусыз ұрып-соға бастады. Мен баланың кішкентай екенін айтсам да тоқтамады.

Осы зорлық-зомбылықтың салдарынан балам сөйлеуді қойды. Кейін оған аутизм диагнозы қойылды. Мен зорлықтан қашып, “Ана мен бала” дағдарыс орталығына орналастым. Ұрып-соққаны үшін күйеуіме арыз жаздым, бірақ жергілікті учаскеліктер істің мерзімі өтті деп жауып тастады. Кейін күйеуім “ақша беріп шештім” деп мақтана айтты.Бүгінгі мәселе:
Ажырасқаннан кейін сот менің мүгедектігі бар баламды асырауға айына 20 АЕК мөлшерінде алимент төлеу туралы шешім шығарды. Бірақ бүгінге дейін ол төлемей, “ шаригатта алимент жоқ” деп толеуден бас тартып жүр”, - дейді ерекше ана.

Сонымен бірге ол, баланың емі мен балабақшасына жүз мыңдап ақша жұмсайтынын жеткізді.

“Баланың еміне, оңалтуына, арнайы балабақшасына айына 400 000 теңгеден аса жұмсаймын, . Мен жалғыз өзім жұмыс істеп, баламды асырауға тырысып жатырмын.Ата анам да жоқ. Сот орындаушылары "борышкерді таба алмай жатырмыз, 4 млн теңгеден астам қарызы бар, іздеуде" дейді. Бірақ ол еркін түрде Атырау Орал қаласында жүріп жүр. Ешқандай іздеу жүргізілмейді. Заң тек мен үшін жұмыс істемей тұр. Өтінем көмектесіңіздерші”, - дейді ол.