Шаршатты, болдым... - Баян Есентаеваның әкесі қызын қорғап хат жариялады

Баян Есентаеваның әкесі, тарихшы, түрколог, мәдениеттанушы Мақсат Мұхитденов Ұлт порталына қызын қаралағандардың атын атап, түсін түстеп тұрып жауап хат жариялады, деп хабарлайды Today.kz

Продюсердің әкесі қызы түсірген "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жырына қиянат жасалды деген пікірлерге қарсы жауап айтқан. 

Today.kz сайты хаттан үзінді ұсынуды жөн көрді. 

Кеше фэйсбукта Сұлтан Қадір  деген  замандасым Ф.Раневскаяның  "Под  самым красивым  хвостом павлина скрывается самая обычная  куриная  жопа.  Так что меньше  пафоса, господа" -  деген, мәтел  болып  кеткен  сөздерін  келтіріпті. Осы пайымдауға Нұрболат Хайруллаев бауырымыздың жазғаны: "Фаина апамыз жақсы айтқан екен, шындығында әдеміліктің шынары болып жүрген адамдардың қарапайым пенде, құдайдың құлы екендігі  рас  қой". Сұлтан  Қадір: - "Әдемілік ол - әдемілік... Мені қынжылтатыны - өрекпе сөз, даңғой тұжырым", - дейді тағы. 

Бұл қалай басталып еді...

Бұл  қалай басталып  еді дегенде, Мен - Мақсат Зайлағиұлы Мұхитденов. Жасым 71-де, руым - Кіші Жүз, Масқар. Кейінірек  аттары  аталатын - үндес, ауызбірлігі құрыш, ой  қорыта алатын, сайтқа  жариялай алатын адамдардың суқаны сүймейтін - Баянның әкесімін. Баянның анасы, 51 жыл айотасым Күлжамал. Жасы 69-да, руы - Арғын, Тобықты. Байлығым 5 мыңға таман кітәп, фонотекамда бір мыңнан аса күй, бір  мыңнан  аса ән, термелер, бүкіл  дерлік европа классикасы бар. Баян осы атмосферада өсті, сондықтан кейде ешкі апа бола  алады, ал жездең теке деген түсінік жоқ. ”Әке - балаға сыншы”, сондықтан да “Алаш” сыйлығының иегерінен өресі әлдеқайда жоғары. Айтпақшы, кітапханамда Қазыбек  ақынның шығармалары жоқ, бірақ тауып бір екі кітәбімен танысып шығып, “Алаштың” ауылы жырақ екенін түсіндім, сірә мына Баянмен болған жағдайдай ауызбіршіліктің, ұлттық  құндылықтарға деген жанашырлықтың арқасында, қисық кетіп бара жатқан көш - “Алаш” елді мекеніне тұрақтаған сыңайлы. Хош, енді төсекте жатса да ”Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына жасалған қиянатқа шыдай алмай пост жазған Анар Төлеухан қызына келейік. Анар ханым  дейін  десем, “ханым” тек  қана  ханда болар-ды. Анар бике, Анар бикеш дейін  десем,  ауырып  қалыпсыз, жастар ауырмайды  ғой, Анар бише дейін десем, жұбайыңыз - күмән, байда ғана бише болады (бәйбіше/байбише). Сондықтан да Анар Төлеуханқызы “Әліпті таяқ  деп  білетін” - сіз екенсіз. Барлығы сізден  басталған  екен  дегенім  ғой. Құдай  қолдап Бақыт Жаншаева ханым Гүлмәрия Барманбекова екеуіңіздің  араңызды жалғап, Гүлекең ойды қорытып, мəтінді жазып шығып, өзіңізбен үндес адамдар екені анық деп Өмірзақ Ақжігіт пен Жолымбет Мәкішті қосып, құдай ұрғанда Шара Турмаганбетова сол алғашқы тізімге ілікпей де қалыпты. Бірақ Шəкең деген жасын ғой, жарқ етіп алғашқы болып қол қойыпты. Қазыбек Иса қуаттап сайтқа жариялайық деп халықтық үн қуат алып, "лидерство", көшбасшылық Қазыбек  Исаға өтіп кетіпті.

Аянышты-ақ! Анар  Төлеухан  қызы, журналистсіз  ғой, ендеше, біліп  қойыңыз, ешкім “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” эпосына қиянат жасаған жоқ. Бұл эпостың 12-15 шақты нұсқалары болса  керек, башқұрт, алтай  тіліндегілерді санамағанда. Менің  өзімде 8 варианты бар. Сол  варианттардың негізінде “Қозы Көрпеш-Баян сұлу“ деген 6 сериялық телесериал түсірілді. Ал эпостарға қиянат жасау үшін оларды білмеу керек. Фильмнің сценариін жазған адам жырдың варианттарын білмеді  деп айта  алмаймын.


Хаттың толық нұсқасын Ұлт порталынан оқи аласыз.