Қазақ елінің «Астана арландары» командасы 26 сәуір күні Италия елінде «Italia Thunder» командасының боксшыларымен қолғап түйістіреді.
«Спорт.kz» сайты алдағы болатын жекпе-жекке кімдер шығатынын жария етті. Сонымен 26 сәуір күні түнгі сағат 01-00-де шаршы алаңға шығатын боксшылардың жұбы:
52 келі: Гаурав Бидхури - Мирас Жақыпов
60 келі: Донато Козенца - Роман Щегринов
69 келі: Адам Патрик Нолан - Асланбек Шымбергенов
81 келі: Валентино Манфредонья - Хрвое Сеп
+91 келі: Алессио Спахиу - Филип Хргович
Қос команданың тартысты жекпе-жегін «www.aibaboxingtv.com» сайтынан онлайн-режимде көруге болады. Сондай-ақ «Хабар» телеарнасы да қазақстандық көрермендер назарына ұсынады деп күтілуде.