Әділет министрлігі таратқан хабарламада көрсетілгендей , "шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға негізсіз ұсынылған деректер байқалуда, сондай -ақ бас бостандығынан айрылғандарды медициналық сараптама қортындысна қарай босату туралы арнайы медициналық комиссияның заңсыз шешімдері тіркелуде. Мұндай сорақылықты жою мақсатында екі процедураны да орталықтандырып, қылмыстық атқару жүйесі Комитетінде арнайы комиссия құру туралы шешім қабылданды, бұл комиссиялар медициналық сараптама қорытындысына және шартты түрде мерзімнен бұрын босату мәселелеріне қатысты істерді қарайтын болады".
Әділет министрі Зағипа Балиеваның нұсқауы бойынша, комиссиялардың жұмыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері шақырылатын болады.
Министрліктің ақпаратына сәйкес, осы жылдың жеті айында республикадағы түзету мекемелерінен бас бостандығынан айрылған 11 734 адам босатылған, олардың арасында шартты түрде мерзімнен бұрын 7055 адам шыққан, бұл жалпы бостандыққа шыққандардың 60,1% құрайды. Тәуелсіздік күні қарсаңында жарияланған рақымшылықта бас бостандығынан айрылғандардың 3626 босатылды, яғни бұл , жалпы бостандыққа шыққандардың 31% құрайды.