Шаруалар наразылық білдірді

Тұқым себілмей, егістік алқабы құлазып қалған бұл ауыл ғана емес. 20 жыл бойы 400 мың гектарды жалға алып келген солтүстіктегі ең ірі агрохолдинг «Богвидан» былтыр ши шыққан болатын. Бас директоры Виктор Богданец миллиардтаған қаржыны ұрлады деген күдікпен қамауға алынған. Енді бұның зардабын қарапайым ауылдықтар тартып отыр.

Василий Старовойд, Гордиевка ауылының тұрғыны:

«Богвидегілер» ақпан айында Богданец шығады, тұқым себеміз дейді. Бірақ бізге, әкімдер тұқым жоқ, жағармай жоқ, техника жоқ деп отыр. Қалай себеміз. Соқамен бе? Соқа да жоқ қазір.

Григорий Моисенко, Гордиевка ауылының тұрғыны:

-Былтыр сабан ала алмадық. Егін себілмеген соң, жем-азық болмады. Аудан әкіміне қанша шағымдандық. Ақыры малымызды сойып сата бастадық. Басшылар келеді, кетеді. Шешпей ме енді бұл мәселені. Богданец кетсе, жер де, халық та  қалды ғой. Күн көре алатын емеспіз.

Күн көрісі қиындағандар әсіресе, шиеттей балалары бар отбасылар. Көбісі бір үзім нанға зар болып отыр. Ауылда мектептен басқа жұмыс та жоқ. Ал жем-шөп болмаған соң, тұрғындар биыл мал басын да едәуір азайтып жіберіпті. 


-Натерпелись уже. 5-6 лет терпим. Карманы себе набьют и все уходит.

9 мың гектар егістік алқабы биыл да жыртылмай қалуы мүмкін. Аудан басшылары бұған біздің шамамыз келмейді деп, қол қусырып отыр.

Амангелді Камелинов, Бұланды аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

-Былтыр себілмеген жерлер бар, егер біреу келсе де, нормальный хозяйн болса паровать надо. Богвидің жері 100 процен кепілде  тұр. 121 миллион төлеу керек, кепілден  шығару үшін.

121 миллион теңге тек осы аймақтағы жерді банктің кепілдігінен шығарып алу үшін қажет. Оған қалталы инвестор келсе ғана қолымыз жетеді дейді аудан басшылары. Ал тұрғындар биылғы қыстан әупірімдеп шыққанның өзінде, келесі жылы не болады деген алаңмен отыр.