Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 9 қазанда болған.
«Сағат 22:05-те Алматы облысы ТЖД кезекші бөлімінің пультіне Алматы облысы Ұйғыр ауданында орналасқан Шарын каньонында қамал алқабынан 2 шақырым жерде 7 адам ( 5 ер адам және 2 әйел) жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті, олар 8 қазан күні «Bicycle Adventure club» туристік агенттік гидінің басшылығымен Алматы қаласынан шыққан», - делінген ТЖД хабарламасында.
Белгілі болғандай, туристер Алматы қаласынан Шарын каньонына туристік агенттіктің автобусымен жетіп, әрі қарай жаяу гидпен жолға шыққан.
Оқиға орнына дереу құтқарушылар жіберілді.
«Іздестіру жұмыстарына Кеген ауданы ТЖБ 11 қызметкері және Ұйғыр ауданының ТЖБ және ӨСБ 9 қызметкері және 5 бірлік техника, сондай-ақ Алматы қаласының РЖҚЖ 7 қызметкері және 1 бірлік техника, 1 РЖҚЖ кинологиялық есебі, 5 қызметкер және 1 бірлік аудандық полиция бөлімінің техникасы, 35 адам және 6 бірлік Жергілікті атқарушы органдардың техникасы, 20 адам жұмылдырылды Шарын ұлттық табиғи паркі техникасының 2 бірлігі, сондай-ақ туристердің 3 туысы да іздеу жұмысына атсалысты», - делінген хабарламада.
Түні бойы жүргізілген іздеулер нәтиже бермегендіктен, таңертең тікұшақтың ұшуы жоспарланған болатын.
«10 қазанда сағат 08:30-да Шарын каньонында жоғалып кеткен туристер табылып, қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болған жоқ», - дейді ТЖД өкілдері.