Шарын Ұлттық паркінің құрылғанына - 10 жыл

Қорық Алматы облысының 127 мың гектар аумағын алып жатыр. Мұнда әлемде сирек кездесетін 900-ге жуық өсімдік пен 500-ден астам аң-құс түрлері бар. Соның тең жартысы «Қызыл кітапқа» енген. Шатқал кескініне қарап, ел ішінде «Қызыл қамалдар» деген атауға да ие. Мұндай теңдесі жоқ таулы мекен бізден бөлек АҚШ-тың Аризона штатында ғана бар. Тек өкінішке орай, осы байлықты тиесілі деңгейде таныта алмай келеміз. Әсіресе, туристерді тарту қызметі ақсап тұр. Дегенмен, 10 жылда атқарылған іс те ауқымды. Қорықшылар әсіресе браконьерлердің аяғына тұсау салған. Ендігі міндет осы тұма табиғатты тамашалауға туристерді көптеп тарту дейді ұлттық парк басшылығы. 

Елнұр Ахметов, «Шарын» Ұлттық табиғи паркінің директоры:

- Жер жанаты – Жетісуда көптеген туристік объектілер бар. Соның бірі осы Шарын табиғы ұлттық паркі. Қазіргі уақытта туризмнің дамуына мемлекеттен болсын, осы Ұлттық парк тарапынан болсын үлкен ықпал жасалынып жатыр. Туризмді дамыту мақсатында.