«Ол ел аумағы бойынша елуге тарта мешітте жұма уағызы урду, пушту, малаял, тәміл, сондай-ақ, ағылшын тілдерінде айтылатынын жеткізді» деп жазады Әзірет Сұлтан мешітінің ресми сайты.
Бұған қоса, аталмыш департамент гуманитарлық қызметтің көмегімен осынау бірегей жобаны жүзеге асыру үшін саңырауларға уағызды ым-ишарамен жеткізетін сурдоаудармашыларды тартқанын да тілге тиек етеді.