"Шашырап жүрген орыстарыңды жинап алыңдар" - Құлсары жастары неге наразы

Бәлкім "Теңіз кешеніне" жұмысқа келген шырақтар болар. Ол жақта жатаханасы дайын болмауына байланысты проблемалар туындап жатқан болар. Дегенмен де, оларды Құлсарыдан пәтер жалдап қала басында ұстауды кім ойлап тапқан? Әлде орыстандыру саясаты қайта жүзеге асқалы жатыр ма?,- деп жазды Абай.кз порталы. 

Осы біздің басшылар не қарайды? Жоғарыдан бәрінің ауыздарын буып тастаған ба, әлде қалта дәрменсіздігі деуге бола ма? Бұлар әрі-бері тыныш жатқаннан кейін зерігіп көшеге шыға бастайды. Сосын жәймен біздің қонақжайлы психологиямызды әбден зерттеп болған соң көп кешікпей мойынға мініп шашымыздан тарта бастайды. Бұл әуелден үйреншікті жағдай. Кейін қаракөз қыздарымызға көздері түсіп, оңаша пәтерге қонаққа шақырмасына кім кепіл?

2005 жылдары демалыс күндері түрік атаулылар базардың маңын бермейтін еді ғой. Кейін ауыр жағдайдағы үлкен қырғын орын алып, адам шығыны болғаннан кейін түріктерді өз мекеме аулаларынан шығармай қойған жоқ па? Мынау соның жалғасы болайын деп тұрған сыңайлы?

Байқаңдар, сақ болыңдар, арты үлкен келеңсіздіктерге, сойқанға ұласпасын! Қаңғып келген әр жұмысшы өз мекемесі жанында болу керек!

Тыныш отырған елге проблема орналастырмаңдар! Үкіметке Жылой жастары атынан "мөлтекаудандағы шашырап жүрген орыстарыңды жинап алыңдар" демекпіз! Себебі, осы төңіректегі пыш-пыш әңгіме ауыл-ауылды кезіп жүр. Жастар сақтана бастады.


Арты бір алапатқа ұрындырмасын! "Өз көзіммен көрейінші" деп бүгін саябақ жанында сәл аялдап тұр едім, талтаң-талтаң еткен екі кербез орыс "пешеходтан" кердең өтіп саябақ жанындағы "гамбургке" кіріп ішіп-жемін алып шықты. Осы мәселелерді жіті бақылауда ұстаңдар! Кешке қарай тайраңдамай, көп көзге түспей, шаңыраққа қарап жүруі ескертілсін!

Ауыл арасындағы өз жыртығымызды жамай алмай жатқанда көрші ауылдың жыртық киізі бізге килікпесін! Осыны назарда қатаң ұстау қажет!

 

Оқи отырыңыз;

Желіде “танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген гей” деген ақпарат тарап жатыр
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі