“Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды” - Қайрат Әділгерей тағы да сынның астында қалды

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Қайрат Әділгерей өзі жүргізген тойда әнші Ұланғасыр Қамиды ортаға шақырып жатып: "Шатунов өлгелі осы баланың бағы жанды. Қарсы алыңыздар Ұланғасыр Қамиев - Қызыл Раушан",- деді.

Бұл сөзі тойдағы қауымның біразына жақпай қалғанын байқауға болады.

Желі оқырмандары: "Аузым бар деп оттай береді екен","Осының-ақ жүрген жерінен шөп шықпайды екен","Масқара","бір күні плотно оңбайды","Орынсыз қалжыңдасады","Жағымсыз әзілдейді","бір күні оңбай таяқ жейді ғой",- деп пікір қалдырды.


Loading...