Caravan Logo

Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның президенті болып сайланды

Шавкат Мирзиеев Өзбекстанның президенті болып сайланды


Бұл туралы бүгін Өзбекстанның орталық сайлау комиссиясы хабарлады.

ОСК төрағасының айтуынша, Шавкат Мирзиеев 88,61 пайыз дауыс жинаған.

Естеріңізге салайық, биыл 2 қыркүйекте Өзбекстан президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін, елде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу қажеттілігі туындады. Кеше 4 желтоқсан күні өткен осынау саяси додаға 4 үміткер қатысып, Шавкат Мирзиёевайқын басымдықпен жеңіске жетіп отыр. Оның сайлауда жеңіске жеңетініне ешкім күмән келтірмеді десе де болады.