Шаяхмет Қанапиянов Сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Дзюдошылар жарысқа қосылып, ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. 66 келіде татамиге шыққан отандасымыз Шаяхмет Қанапиянов ХХIII сурдлимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Финалда ғана қарсыласына есе жіберген Шаяхмет 4 кездесуде де үздік атанған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасынан сурдлимпиада ойындарына 8 дзюдошы қатысып жатыр:

Төребек Амантай (60 кг)


Шаяхмет Қанапиянов (66 кг)
Айдос Түгелбаев (73 кг)
Цхай Рамиль (81 кг)
Рахым Кабылбеков (90 кг)
Сергей Ахмуров (100 кг)
Асел Мақсатова (70 кг)

Елена Рошкова (+78 кг)