Шегарашылар ҚР "Көші-қон туралы" заңын бұзған 15 шетелдік азаматты қолға түсірді

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, шегарашылар Алматыдан Кабулға ұшып кетпек болған Ауғанстанның 11 азаматының төл құжатында көші-қон полициясының тиісті мөрінің жоқтығын анықтаған.

Сондай-ақ, Қазақстан визасының берілу мерзімі аяқталғандықтан, Алматыдан -Шаржаға ұшақпен жол тартқан Сирияның екі азаматы мен Біріккен Араб Әмірліктерінің азаматы мемлекеттік шегарада ұсталды. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, барлық құрықталған шетелдік азаматтар ҚР ІІМ көші-қон полициясына берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті