Шекара қызметі директорының бұрынғы орынбасары тұтқыннан босатылды – Әскери сот


Серік Әшімбаевты қамақтан босатты. Бұл туралы Әскери соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Бұрын хабарланғандай, С.Әшімбаев 2014 жылы 13-ақпанда тұтқындалған болатын.
Бас әскери прокуратура С.Әшімбаевты ҰҚК ШҚ Бас тыл басқармасы бастығының орынбасары А.Нұрманов және «Astana Finance Union» ЖШС директоры М.Мұқанов бірлесіп, 230 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыптаған болатын