Шекара қызметінің бұрынғы директоры Жоламановтың денсаулығына қауіп жоқ, кездесуге шектеу қойылмаған - ҰҚК


«Жүргізілген тәуелсіз медициналық зерттеу Н.А.Жоламановта оқшаулағыш жағдайында болуына кедергі болатындай сырқат анықталмады», - делінген ҰҚК баспасөз қызметі таратқан бүгінгі хабарламада.
«Оған кездесуге, күнделікті серуендеуге, сәлем-сауқат (тағам өнімдері, дәрі-дәрмек, жеке тұтыну заттары, жылы киімдер, мерзімдік басылымдар), сондай-ақ дәрігерлік-санитарлық көмек алуға шектеу қойылған жоқ», - делінген хабарламада.
Бұған дейін бірқатар ақпарат құралдары тергеу оқшаулағышында тұтқында отырған Н.Жоламановта гипертониялық криз болды деп мәлімдеген болатын.
Бұрын хабарланғандай, Н.Жоламанов Ақмола гарнизоны әскери сотының санкциясымен қазан айының соңында екі айға тұтқындалған болатын. Шекара қызметінің бұрынғы директорына ҚР Қылмыстық кодексінің Шекара қызметінің бұрынғы директорына ҚР Қылмыстық кодексінің 5-бөлім, 311-бабы (аса ірі мөлшерде пара алу) және 3-бөлім, 235-бабы (қызметтік бабын пайдаланып бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан топ құру және басқару,  қатысу) бойынша айып тағылған.