Шекара қызметінің капитаны заңсыз киік аулады деген күдікпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитеттің мәліметінше, 2018 жылдың 14 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК батыс өңірлік филиалының инспекторлары жануарлар мен киіктерді қорғау бойынша өткізген тексеріс шаралары барысында БҚО Жәнібек ауданы Қамысты ауылынан 15 шақырым жерде мемлекеттік нөмірі мен құжаттары жоқ квадроцикл жүргізушісін ұстады. Сондай-ақ, тізгінде шекара қызметінің капитаны отырған квадроциклді тексеру барысында кесілген 12 ақбөкен мүйізі, қарудың қабы, балта, ақбөкеннің еті (оқ атылған) табылғаны айтылады. © ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі "Оқиға орнына Жәнібек ауданы ІІБ жедел-тергеу тобының қызметкерлері шақыртылды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері ақбөкенді заңсыз аулау дерегі бойынша заттай дәлелдерді іздестіріп жатыр", - деп хабарлады Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіндегілер.
Оқи отырыңыз:
Абайдың “Қара сөздерін” оқуға кеңес берген Айсәуле Бақытбек жұртты таңғалдырды
Бітіру кешінде мұғалімдерге не сыйлауға болады: Бұл сұраққа білім беру басқармасы жауап берді
Жерге елес-астероид жақындап келеді