Шекара шебіне енді келісім-шартпен жұмыс істейтін әскерилер ғана жіберілетін болады


Әсіресе еліміздің Қытаймен шекаралас аумағындағы «Шығыс» шекара аймағына ерекше көңіл бөлініп, мұндағы заставаларды тек тәжірибелі жауынгерлер күзетпек. Егер, бүгінде мемлекеттік шекарадағы қызметкерлердің 40 пайзын әлі оңы мен солын танып үлгермеген жас сарбаздар құрайтынын ескерсек, болашақта Терісайрық пен Арқанкерген оқиғасының қайталануы әбден мүмкін деп қауіптенген шенділер шекара шебіне тек шыныққан шымыр жігіттерді жинау арқылы қателікті қайталамаймыз деп отыр.