Шекарада есірткімен 61 жастағы қарт ұсталды

Нақтырақ айтсақ, «Солтүстік» өңірлік шекара басқармасына қарасты «Ауыл» (автомобильді) шекаралық-бақылау бөлімшесінің бақылаушылары ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып, кешенді жедел-іздестіру шараларын өткізді. Оның барысында Қазақстаннан Ресей Федерациясына есірткілік зат өткізбек болған 61 жастағы ресейлік азамат ұсталды.

Жан-жақты ойластырылып, кәсіби тұрғыда пысықталған іс-қимылдың нәтижесінде «Дея» атты иттің көмегімен Семей қаласынан ресейдің  Рубцовск қаласына кетіп бара жатқан  «БМВ» автомашинасын қарау кезінде 2 килограмм 800 грамм героин табылды.


Есірткі машинаның жанармай багына жасырылған болып шықты. Порошоктың түсіне ұқсайтын есіркілік зат 7 пластикалық құтыға салыныпты.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.