Шекарада героин партиясын алып өтпек болған Қырғызстан азаматы ұсталды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, шекарадан өтетін тұлғаларға шекаралық бақылау жүргізу барысында наряд назарына Қырғызстан азаматы іліккен. "Тінту барысында еркектің денесіне скотчпен жапсырылған героин салынған дорба табылған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер. Тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 650 граммды құрап отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті