Шекарада Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

«Алматы» шекара бақылау бөлімшесі жасағы «Тбилиси-Алматы» бағытындағы рейстен Түркияның 6 азаматын ұстады. Олар тексеруге осы елдің азаматтарының құжаттарын ұсынған. Құжаттардан жалған құжат белгілері анықталды», - делінген хабарламада.

Ұсталғандардың айтуынша, олар Қазақстан арқылы Еуроодақ елдеріне шығып кетпек болған. Азаматтардың ұсталғандығы туралы құқық қорғау және  өзара іс-қимыл жасау органдарына хабарланды.