Шекарадағы атысқа қатысты Алматы жастарының хатын өзбек дипломаттары қабылдаудан бас тартты

-Әділеттілікті орнатып, Уәлихан Ахметовтың өліміне қатысы бар азаматтарды міндетті түрде жазалап, Уәлихан Ахметовтың жетім қалған 7  баласына көмек мәселесін қарастыруды талап етеміз.

Қайғылы оқиға қазақ-өзбек шекарасында өткен жексенбі күні болған еді. Көрші елдің шекарашылары Сырдарияға балық аулауға шыққан екі қазақ азаматына ескертпестен оқ жаудырып, 37 жастағы Уәлихан Ахметов қаза тапты. Осыдан кейін еліміздің Сыртқы істер министрлігі ресми Ташкентке наразылық нотасын жолдаған болатын. Бірақ өзбек билігі марқұм шекараны бұзған деп бет бақтырар емес. Ал бүгін «Әр қазақ – менің жалғызым!», «Бауырлар, біз сендерді атпадық қой!» деген сүйектен өтер сөздері бар плакат ұстап, көрші елдің консулдығының алдына жиналған жастарды әрлі-берлі өткен адамдар да қолдап жатты. Тек өзбек дипломаттары жауап қатқан жоқ. Есікті тарс жауып алған олар, тіпті топ арасында қалып қойған өз қызметкерлерін де ішке енгізбей қойды.

Дәурен Бабамұратов, «Болашақ» жастар қозғалысының жетекшісі:

-Бұл хатты енді дәл осы консулдыққа біз ресми кәдімгідей пошта арқылы жібереміз. Басқа амал жоқ. Тіптен хат қабылдауға жарамады. Енді дәл қазіргі таңда біздің басты мақсат – Уәлихан Ахметовтың отбасына көмектесу керек! Шекарада шиеттей балаларымен жесір әйелі қалды. Жеті баласы қалды...

Loading...