Шекарадан алтын асырмақ болғандардан 76800 доллар, 143300 теңге, 1000 өзбек сомы тәркіленді

Еліміздің оңтүстігіндегі Сарыағаш шекара отрядына қарасты "Б. Конысбаев"  атындағы (автомобильдік) бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары алтын мен гауһар тастардан жасалған әшекейлі заттарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолын кесті.

Заң бұзушылардан ұзын саны 14 дана болатын, алтын мен гауһардан жасалған әшекей заттар алынды: алтын, сырға, білезік және қолсағаттар. Сондай-ақ олардан - 76800 АҚШ доллары, 143300 теңге, 1000 өзбек сомы тәркіленді.   

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде.