Шекарадан есірткі алып өтпек болған Қырғызстан азаматшасы ұсталды

АСТАНА. 18 сәуір. Kazakhstan Today. Шекарада қазақстандық шекарашылар 400 грамм героині бар Қырғызстан азаматшасын ұстады. Бұл туралы агенттікке ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қордай" халықаралық өткізу бекетінде шекарашылар жасағы Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған Қырғыз азаматшасын ұстады. Шекарашылардың айтуынша, әйел шекарадан жаяу өткен. "Оның оғаш әрекеті күдік тудырды"-дейді баспасөз қызметіндегілер. Шекарашылардың деректерінше, әйелді тінту кезінде оның аяғына скотчпен жабыстырылған полиэтилен қапшық табылады. "Оның ішінде ақ түсті героинге тән иісі бар 400 грамм героин шықты",-деді баспасөз қызметіндегілер. Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті