Шекарадан қомақты соманы заңсыз өткізбек болған түрікменстандық ұсталды

Қазақстан шекарашылары декларацияланбаған ірі көлемдегі ақшаны шекарадан өткізбек болған адамды қолға түсірді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жағалау күзетінің аймақтың басқармасына қарасты «Темірбай баба авто» өткізу бекетінде «Тойота Ланд Крузер» көлігімен Қазақстаннан Түрікменстанға бара жатқан Түрікменстан азаматшасы қолға түсті. Ол шекарадан декларацияланбаған 70 мың АҚШ долларын алып өтпек болған»,-деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Аталған оқиға бойынша жауапты орындарға ақпарат жіберілді.