Шекарадан ұзындығы бір метр жыланды алып өтпек болған қытайлық азамат ұсталды

Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Нақтырақ айтар болсақ, Мақаншы шекара отрядына қарасты «Бақты» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 60 жастағы қытайлық азаматты шекаралық тексеруден өткізіп жатқан кезде оның қалтасынан ұзындығы бір метрге жуық жыланды тауып алды. Сарафан қапшыққа салынған өлі жылан қытайлық азаматтың үстіндегі костюмінің қалтасынан шыға келді.

Оны не мақсатпен алып бара жатқандығын тиісті орындар анықтайтын болады.