«Арқанкерген» шекара бекетінде шынымен не болғаны туралы кітап жазуға кеңес берді.
«Біздің соңғы кездесуіміз кезінде Владиславқа «Арқанкергенде» болған оқиғалар туралы кітап жазуға кеңес бердім», - деп С.Сәрсенов «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеді.
Оның айтуынша, В.Челах қазір өз білімін толықтырып, әдеби кітаптар оқып, содан кейін кітап жазу керек.
Адвокаттың мәлімдеуінше, В.Челах Жоғарғы соттан өз өтінішіне жауап күтуде.
«Бұға дейін мен Қазақстанның Жоғарғы сотына соттық қадағалау тәртібімен істі қайта қарау туралы өтініш бердім, бірақ ол қанағаттандырылмады. Енді ол өзі өтініш берді. Жауап күтудеміз, оны да қанағаттандырмауы мүмкін», дейді С.Сәрсенов.
2012 жылы 29 мамырда «Арқанкерген» бекетіндегі тауда әскери қызметте жүрген 14 шекарашы мен қорықшы атып өлтірілген, ал бекеттің өзіне өрт қойылған. Шекарашылардың он бесіншісі В.Челах оқиға болған жерден бірнеше километр жерден тірі күйінде табылған.
Сол жылдың желтоқсан айында В.Челах кісі өліміне кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Әскери соттың апелляциялық және кассациялық алқасы бірінші сот сатысының үкімін өзгеріссіз қалдырды.
В.Челах президентке жүгініп рақымшылық сұраған. Алайда рақымшылық жасау туралы комиссия оның өтінішін қанағаттандырмады.