Шекарашылар Алматы облысында Қытай азаматынан декларацияда көрсетілмеген 45 мың АҚШ долларын тәркіледі



Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстаннан Қытайға бет алған осы елдің азаматы бағытты автобусқа түскелі жатқанда қолға түсті. Ақша оның заттарына жүргізілген тінту кезінде табылды.

Іс Жаркент қалалық сыбайлас жемқорлықпен күрес бөліміне тексеруге берілді.