Шекарашылар елімізге 1 кг героин алып өтпек болған есірткі тасымалдаушыны қолға түсірді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, есірткі тасымалдаушыны Қызыләскер бекетінің шекарашылары "Ғани Мұратбаев" атындағы кеден бекетінің маңынан қолға түсірген. Есірткі тасымалдаушы аталмыш кеден бекетін айналып өтпек болыпты. Тұтқын тиісті мекемелереге табыс етілді.

Сондай-ақ, Қызылорда шекаралық бөлімі "Күндария" бекетінің шекарашылары "Мыңтай" өткелегі маңында КамАЗ, Урал және УАЗ автокөлігінен құралған автокеруенді қолға түсірді. Көліктер еліміз аумағына кедендік тексеруден жымқырып 8,5 мың литр спирт алып өтпек болған. Ұсталған 12 адам өздерінің контрабандалық әрекетке қатыстылығын жоққа шығара алмады.
Автокөліктерге жасалған дәйекті тінту нәтижесінде шекарашылар 0,5 тонна оқ-дәрі мен 7 млн. теңгенің биологиялық белсенді қоспаларын тауып алды.
Тұтқындар одан әрі тексеру мақсатымен кедендік мекемелерге табысталды.