Біріккен жедел-сауықтыру іс-шараларының аясында жүргізілген қызметтік қимыл барысында шекарашылар заң талаптарын бұзған екі адамды ұстап, олардан барлығы 18 бекіре балығын тапты. Браконьерлік құралдардың арасынан 2 қайық пен 8 400 метр ау құралдары тәркіленді.
Жалпы, жоғарыда аталған іс-шара басталғалы бергі бір айдан астам уақыт ішінде теңіздегі шекарашыларымыз заң талаптарын бұзған 39 адамды ұстады. Олардың 36 қазақстандықтар болса, үшеуі Өзбекстан азаматтары. Теңіз бетінен - 115 907 метр ау құралдарын, 27 500 метр қаттама ау, 14 200 ілгек, 373 дана бекіре балығын, 89 дана бекіре тұқымдас балықты тәркіледі. Сондай-ақ браконьерлерден 17 дана итбалықты босатқан.