Шекарашылар контрабандалық топтың қулығын әшкере етті


Пакеттерге салынған ақ ұнтақ шетелдік көліктің артқы орындығының астынан табылған. Қаскөйлер күдік тумасын деп оның бетін сырлап қойған екен. Мұндай қулықты талай көрген шекарашылар машинадағы мүңкіген дәл осы бояудың иісі арқылы есірткіні тез тапты. Қамауға алынған 4 қырғыз азаматынан жауап алынып басқа да сыбайластары іздестірілуде.