Шекарашылар Қазақстанның азаматшасын героиннің ірі көлемімен ұстады

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, "Убаган-авто" шекара бақылау бөлімінің шекарашылары Ресейге өзінің жеңіл көлігімен бет алған Қазақстанның азаматшасын ұстаған. "Көлікті тексеру барысында алдыңғы есіктердің ішкі қабатының астынан салмағы 2 кг жуық, героинға ұқсас есірткі заты табылған. Қазіргі уақытта сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр, ал ұсталған әйелмен өкілетті органдар айналысуда",- деп хабарлады шекара мекемесінің баспасөз қызметінен.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті