Шекарашылар Қырғызстан азаматтарын контрабандалық ұнмен ұстады

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қордай" заставасының шекарашылар жасағы автокөлікпен шекарадан заңсыз өтпек болған екі Қырғызстан азаматын ұстады.

"Өз еліне қайтып бара жатқан қырғыз азаматтарының көлігінен шекарашылар контрабандалық 3 тонна ұн тапты", - делінген хабарламада.

Ал кеше шекарашылар қазақ-өзбек шекарасында 700 килограмм ұнды алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Барлық контрабанда деректері бойынша тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, "Бақты" бақылау-тексеру бөлімінің шекарашылар жасағы кеден қызметкерлерімен бірлесіп бағытты автобуспен Қытайға бет алған Қазақстан азаматын ұстады. Ол декларацияда көрсетілмеген $7300 және 2 млн 256 мың теңгені алып өтпек болған.