Шекарашылар Шығыс Қазақстан облысында 20 млн. теңгенің күнделікті тұтыным тауарларын контрабандалық жолмен шекарадан асыруға бағытталған әрекетке тосқауыл қойды

"Жезкент" заставасының шекарашылар отряды күзет шаралары барысында Ресей аумағынан Семейге қарай бет түзеген екі жүк көлігінің ізін тапты. Автокөліктер қуғын барысында заңды өткелектерден тыс жерлерде мемлекеттік шекараны бұзып өткені үшін ұсталды. Жүк көліктерінен 20 млн. теңгенің Қытайда өндірілген контрабандалық күнделікті тұтыным тауарлары табылды.

Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысындағы "Қызыл ауыл" заставасының шекарашылары УАЗ автокөлігімен шекаралық бекеттен тыс жерден Ресйге қарай өткен екі ресейлік, бір өзбекстандық азаматты қолға түсірді. Автокөлікті тексерген кезде 720 мың теңгенің контрабандалық тауарлары шықты.
Жалпы 27-желтоқсан мен 3-қаңтар аралығындағы өткен аптада ҚР мемлекеттік шекарасын бұзған 190 адам ұсталды.