Шекарашылар Таразда қырғызстандық әйелден 10 килограмм гашиш тәркіледі

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Қазақстанға бет алған көлік құралдарын тінту кезінде таксимен келе жатқан бір қырғызстандық әйел ұсталды. Одан полиэтилен дорбаға салынған 10 килограмм гашиш тәркіленді.

Іс одан әрі тексеру үшін “Қордай” кеден бекетінің контрабандамен күрес бөлімінің қызметкерлеріне өткерілді.

Тұтастай алғанда өткен аптада шекарашылар 26 контрабандалық деректің бетін ашып, мемлекеттік шекара бұзған 364 адамды ұстады.