Шемішке шағам деп түрмеге қамалды

Судья залға бір-бірлеп кірген бұзақыларды аяған жоқ. Әрқайсысына 2 минуттың ішінде жаза тағайындап жіберді. Тіпті тәртіп сақтамағандарды сабасына түсіріп, жұрт алдында ұялту үшін сот процесіне студенттер мен оқушыларды шақырыпты. Қоғамдық орындарда дәрет сындырғандарға да жеңіл жаза болмайды. Ұяттан жұрдай отбасылы азаматтар енді заң алдында жауап беріп, тіпті 10 күнге қамауға алынады. Қамауға алу туралы шешім былапыт сөйлегендерге,  шемішке шаққандарға да шықты. Қоғамдық ортаны ластағанды жандары сүйетіндерге 5550 теңге айыппұл салынды. Бұрын да осындай ұсақ бұзақылықтары үшін істі болған мына жігіт айыппұлдан бөлек,  әйелі екеуі бір тәулік уақытын қапаста өткізеді.


Наталья Гангала :

-Біз дүкеннен шемішке сатып алып, көшеде шағып келе жатыр едік, ұсталып қалдық. Енді қайталамаймыз. Бізді сот 1 тәулікке қамады.