Шенді қызметкердің жалған куәлігін қалтаға салып, удай мас күйінде көлік жүргізген!


Жол сақшылары онымен көп сөзге келмей, бірден мастықтан айықтыру орталығына аттандырды. Тергеу кезінде анықталғандай,  ол полиция бөлімшесінің бастығы тұрмақ,  жұмыссыз боп шықты. Сондай-ақ удай мас жүргізушінің қалтасынан қару ұстауға рұқсат беретін тағы бір жалған құжат табылды. Ұсталған азаматқа қатысты,  жалған құжат жасау және мас күйінде рөлге отыру сияқты екі дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.