Қаржы министрлігінің тосын бастамасы қазірдің өзінде қызу пікірталастың көрігін қыздырып жіберді. Бұған дейін мүлік пен табыс декларациясын тек мемлекеттік қызметкерлер толтырып келген болатын. Енді зейнеткерлер тіпті жасөспірімдерге дейін жиған-тергенін тізіп отыруға міндеттелмек. Дамыған Швецияның тәжірбиесін енгізгелі жатқан атқамінерлер тұрғындардан табысын жасырмауды сұрап отыр. Жаппай декларациялау 2015 жылдан бастап іске асырыла бастамақшы. Үлкен дау тудырғалы тұрған бастаманың авторлары мүлкі мен табысын қасақана жасырушылардың көп екенін айтады. Осы жерде Қаржы министрінің орынбасары жиі айтылатын қулықтарды әшкере етті.
Руслан Даленов, Қаржы вице-министрі:
- Маған бір мемлекеттік қызметкердің сатып алған пәтерін декларацияға енгізбесі үшін айтқан сылтауы күлкімді келтірді. Яғни үйіндегі тартпадан мол ақша тауып алған-мыс. Қымбат мүлікті сол қаржыға сатып алдым деп кезінде жеңістік бермеген