Шенеуніктер Астана мен Алматыдағы оқушылардың тамағын қымбаттатты

Аурухана асханасындағы бір түскі астың құны қазір – 700 теңге тұрса, кәсіпкерлер енді оны еселеп өсірмек. Өйткені жалға алу ақысы 28 есе көтерілген. Бұрын-соңды болмаған мұндай бағаны Алматы және Астана қалалары үшін Ұлттық экономика министрі бекітіпті. Яғни, 240 мың теңге болған асхананы жалдау ақысы 7 миллионға өскен. Мектептегі тамақтың ақысы да мейрамханамен бірдей болғалы тұр. Өйткені оны жалға алу құны да 9 есеге қымбаттаған. Бұл оқушылар енді 2 мың теңгеге түстенеді деген сөз. Бұған бала түгілі мұғалімнің айлығы жетпесі анық. Ал кәсіпкерлер жалға алу ақысы төмендемесе, асханада арзан ас бұдан былай болмайды деп отыр.     

Шолпан Аманжолова, кәсіпкер:

-Енді бір түскі астың бағасы 5-6,5 мың теңгеге дейін көтеріледі. Әрине, асханада мұндай бағаның болуы ақылға сыймайды. Бірақ бізде басқа амал жоқ. Бюджеттік қызметкерлерге енді осы бағаға тамақтануға тура келіп тұр.

Loading...