«Мемлекеттік шенеунік, мейлі ол министр болса да, мейлі Премьер немесе жергілікті деңгейдегі шенеунік болса да басты нәрсені білуі керек - ол халық үшін қызмет етіп, ел үшін еңбек етеді. Ал біздікілердің көпшілігі қазір мұны түсініңкіремейтін тәрізді, олар біздің жағдайымыз талап ететіндей дәрежеде жұмыс жасай алмай келеді. Сондықтан, Елбасының әрбір шенеунік өзінің ел алдындағы, қоғам алдындағы және өндіріс алдындағы ісі үшін жауапкершілікте болуы керек деген пікірін біздің партияластарымыз толық қолдайды», - деді В. Косарев.