Шенеуніктер Экспоға дейін Астанада бір тірі маса қалдырмауға уәде етті

Осылайша, атқамінерлер көрме кезінде шетелдік қонақтардың алдында ұятқа қалмасы үшін жанталасып жатыр. Енді «ЭКСПО-ның» арқасында астаналықтардың бір қорлықтан құтыламыз деген үміті бар. Ал оған дейін елордалықтар шыдай тұрулары керек. Себебі күн ысыған сайын көбейетін жәндіктер қазірдің өзінде өзен көлдерді айтпағанда, тұрғын үйлердің  жертөлелерін жаулап алған. 2017 жылға дейін қауіпті бір қансорғышты тірі қалдырмауға ант еткен шенеуніктер у себуге жұмсалатын ақшаны алу үшін бюджетке ауыз ашып отыр.

Федор Пеев, Астана қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-Бұл өте маңызды іс. Өйткені, шетелдік меймандар өздерінің ақпарат құралдарына Астанада маса көп деп сынайтын болса, беделімізге нұқсан келеді.

Loading...