Салдарынан балалардың ас мәзірінде ет, көкөніс пен сүт өнімдері қысқарып қалған. Сатып алынған азық-түлік сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжат атымен жоқ. Ал, мектептердегі асханалардың 70 пайызының тозығы жеткен, кейбірі кәріз құбырынсыз отыр. Мұның кесірі балалардың денсаулығына кері әсер етуде. Соңғы кезде елімізде ас қорыту жүйесі бұзылған және артық салмақ қосқан оқушылар саны күрт артыпты. Әбден былыққа батқан бұл саладағы жемқорлар мәселесі бөлек әңгіме дейді депутаттар.
Дариға Назарбаева, Мәжіліс депутаты:
- Қазір асқазан-ішек жолдарының ауруына шалдыққан оқушылар саны артып келеді. Бұл мектептердегі тамақтану сапасының деңгейін көрсетеді. Аталған саланы әбден жемқорлық жайлаған. Айтыңыздаршы, 30 миллион теңге қайда кетіп жатыр? Әрине, байқауға қатысқан мекемелер мен білім басқармаларындағылардың қалтасына түсуде.