Шенеуніктер Ресей мен Қазақстан арасында сауда жанжалы жоқ деп мәлімдеді

Өткен аптада Қазақстанның Ресейден әкелінген сүт, кондитер өнімдері мен сұйық май, майонезді сапасыз деп танып жаппай дүкен сөрелерінен алып тастаған болатын. Мәскеу де қарап қалмады. Роспотребнадзор Қазақстаннан жеткізілген айран, сүт, майонездің сатылуына тыйым салған. Бұл жанжалға «сауда соғысы» деп баға беріліп, ресейлік басылымдар ресми Астана рубль құлдыраған соң, өз нарығын қорғау үшін ағылған арзан азық-түлікке шектеу қойып отыр  деп болжам жасап үлгерді. Алайда, біздің шенеуніктер бұл жерде ешқандай саясат жоқ дейді. Бар болғаны денсаулыққа қауіп төндіретін ішек таяқшалары табылған тауарларға яғни нақты кәсіпкерлерге шара қолданғандарын айтады.

Loading...