"Шенеуніктердің жаны тәтті. Ал күніне жүздеген ауруды қабылдайтын дәрігерлерге берілген киім - анау": Нәзия Жоямергенқызы

Ол бұл туралы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Дәрігерлер мен шенеуніктер. Операторына дейін соғысқа баратындай киініп алған. Көзілдіріктері де бар. Өйткені коронавирус конъюктивит ретінде басталады екен көзден жұқса. Шенеуніктердің жаны тәтті. Ал күніне жүздеген ауруды қабылдайтын дәрігерлерге берілген киім - анау...

Еске салсақ, өткен аптада бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров вирус жұқтырған және карантинге жатқызылатын бірқатар мекемелерді аралаған болатын. Ал бүгін экс-вице министрдің коронавирус жұқтырғаны мәлім болды.