"Шенеуніктің шекпенін киіп, менікі емес деп бас тарта алды": Дана Нұржігіт актер Азамат Сатыбалды туралы

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

"Азамат! Сен бәрін шын көңіліңмен,бүкіл жан-тәніңмен істейтін,сезінетін ерекше адамсың! Сүйсең-сүйесің,жек көрсең де,жақтырмасаң да,жадырасаң да…бәрі шынайы! Бүгін сенің кейіпкеріңнің кесірінен әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім,атарға оқ таппай…қандайсың Сен,а?!

Мен Сені сондай құрметтеймін! Біле жүр! Назгүлге деген махаббатың үшін, оның өнеріне деген құрметің үшін! Оның өмірдегі, ана, жар ретіндегі ерлігі үшін. Тұлға ретіндегі ірілігі үшін…Сенің ата-анаңа өле өлгенше бас иіп тұрып қызмет еткенің үшін, ұстаздарыңа деген құрметің үшін…Шенеуниктің шекпенін киіп көріп,”менікі емес!”деп бас тарта алғаның үшін! Бүкіл қуат,жігеріңмен қолға алған материалды кеміріп,өзіңді жеп қоя жаздап ұйқы,күлкіден бас тартып шығармашылыққа сүңгіп кететінің үшін. Партнер ретіндегі сезімталдығың үшін.

Есімде екеуміз жүргізген концертте мен паузаны сәл ұзақтау ұстап қалғанда маған жалт қарап, тез “көмекке келейін бе?” деген көздерің үшін…бәрі-бәрі менің есімде,Азá! Сен қазір өзіңнің нағыз бабыңдасың! Самға! Ізден!Жаса! Жарқыра,дос!
Сен қат-қатпарлы актерсың. Өзіне емес,мамандығына шексіз ғашық бақытты адамсың. Аншлагтарың көп болуын шын жүрегімнен тілеймін! Сау бол, Аза!", - деп жазды ол.