Шенген визасы өзгеретін болды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«20 жылдан бері айналымда жүрген қазіргі визалық жапсырма қолдан жасау мен алаяқтыққа байланысты оқиғаларға тап болды», - делінген ЕО Кеңесінің хабарламасында.

Жаңа ережені Еуропарламент мақұлдап, ЕО Кеңесі шілде айының басында қол қояды деп күтілуде. Кейін ЕО-ның ресми журналында жарияланатын болады.