"Шеп - 2008" оқу-жаттығулары өтпейтін болды деген ақпарат - ҰҚШҰ -ына іріткі салуды көздейтін жалған арандатушылық ақпарат - Бордюжа

"БАҚ-тарда пайда болған "Шеп - 2008" оқу-жаттығулары өтпейтін болды деген ақпарат - Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының қатарына іріткі салуды көздейтін жалған арандатушылық ақпаратқа жатады", - деді Н. Бордюжа. Оның айтуынша, оқу-жаттығулар жоспарға сәйкес өткізіліп жатыр. Оның төртінші кезеңі 22 тамызда Ереванда өткізіледі.