Шереметьевоға қонбақ болған ұшаққа жай түсті


Ұшақ сәтті қонды, жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ.

Ұшақ қонғаннан кейін тексеру барысында найзағайдың локатор жамылғысын зақымдағаны анықталды, басқа еш жері бүлінбеген. Мамандар найзағай соққысының зиян келтірмегенін айтады. «Боинг» қалыпты режімде ұшырылымды жалғастырмақ.