Бұл туралы Айтбек Амангелді хабарлады. Осы уақытқа дейін әкімдіктен уәде етілген көмек көрсетілмеген. Caravan.kz медиа порталы тарқатады.
"Біз отбасыны басқа аймаққа ауыстырдық. Қазір отбасы жаңа үйде. Қауіпсіз жерге кқшті. Біз бұл ақпаратты жарияламаған едік. Нақты қай жерге көшірілгенін айта алмаймын", - деді Айтбек Амангелді.
Отбасының адвокаты әкімдік тарапынан ешқандай көмек көрсетілмегенін айтты.
"ӘКімдік үй беру бойынша ұсыныс жасаған еді. Сол жерде үй салып береміз деген. Бірақ өртенген үйдің орнын тазалау жұмыстары бойынша да көмек көрсетілген жоқ. Тіпті әкімдіктен келіп, Қаржаубайдың көмектен бас тартатыны туралы айтқанын видеоға жазып аламыз деген. Қаржаубай бұл жағдайды түсінбей, ешнәрсе керек емес екенен айтты", - деді отбасының адвокаты Саида Тәуекелова.
Сонымен қатар Айтбек Амангелді соңғы тәулікте БАҚ беттерінде шығып жатқан жаңалықтардың шындыққа жанаспайтынын да жеткізді. Айтуынша, марқұмның жазған соңғы жазбасын таратуға отбасы да, адвокаттары да келісімін бермеген. Ал Қаржаубай Нұрымовты қамауға алу дұрыс деп ешкім айтпаған. Сондықтан БАҚ өкілдеріне тек шынайы ақпаратты жазуды өтінді.
Айта кетейік, Шерзат Полаттың әкесі 15 тәулікке қамалды. Қаржаубай Нұрымовқа қатысты шешімді кезекші судья шығарған. Себебі, өзіне қол жұмсамақшы болды және айналасындағы жұртқа қауіп туғызды депті полиция мәліметінде. Қаржаубайдың ашулы жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтінішін орындадық деп қосқан еді.
«Қаржаубай бұзақылық бабы бойынша 15 тәулікке қамауға алынды. Бақыт (Қаржаудың әпкесі) митингке шақырды деп айыпталып, 15 тәулік берілді және елден депортацияланады (ҚР азаматы емес). Салтанатқа (Қаржаудың әпкесі) бұзақылық бабы бойынша 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айғазы бойынша (Қаржаудың күйеу баласы) сот таңертең өтеді», - деп мәлімдеді қорғаушылар.