Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Былтыр Ішкі істер министрлігі Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу жыл соңына дейін аяқталатынын хабарлаған еді.
Алайда Ішкі істер министрлігі Kazinform агенттігінің сауалына жауап беріп, бұл іс бойынша тергеу жұмыстары қазіргі уақытта да жалғасып жатқанын хабарлады.
"Алматы облысының Полиция департаментінде Талғарда кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Одан бөлек ұрлық, бұзақылық, қорқыту және қылмыс туралы хабарламау фактісі бойынша қосымша 8 қылмыстық іс тіркелді. Істің 11 қатысушысына қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", — делінген ІІМ-нің жауабында.